Елбасы үш азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

184 рет оқылды
0

Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:

Есімов Ахметжан Смағұлұлы — «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;

Қуатов Руслан Тұржанұлы — «Теңізшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;

Үшкемпіров Жақсылық — «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының       Президенті                               Н. Назарбаев    Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан

 

comments powered by HyperComments