Аи-92 бензині арзандады

96 рет оқылды
0
Zapfpistole in Tankoeffnung eines Autos
Қазақстандағы бірнеше жанармай құю бекеттері халық ең көп тұтынатын Аи-92 маркалы  бензин бағасын арзандатты, деп хабарлайды  Stan.kz.

Royal Petrol жағармайдың осы түрін  157 теңгеден сатса, Sinooil –  158 теңгеге дейін арзандатқан.

Ал «ҚазМұнайГаз»  бекетінде 161 теңгеден сатылып жатыр. Нelios – 162 теңгеден.

АИ-92-нің кенеттен арзандап шыға келгеніне жүргізушілердің өздері сеніңкіремей қалған. Бұған дейін бәйгеге түскендей бағаны бірінен соң бірі қымбаттқан бекеттер енді біртіндеп оны төмендетіп жатыр.

Яғни, литрін 157-158 теңгеге саудалауда. Таразда да баға өзгерген. Бұл Бозымбаевтың болжамы тура келді деген сөз. Естеріңізге салсақ, Энергетика министрі желтоқсан айының басында жанармай арзандайды деп барша жұртты сендіріп баққан.

Алайда, оның артынша іле-шала «Қазмұнайгаз»-дың білдей вице-президенті Данияр Тиесов бензин бір тиынға да төмендемейді деп министрдің мәлімдемесінің жоққа шығарған еді. Сондағы топ-менеджер бағаны арзандатсақ, отынды көрші елдер талап әкетеді дегенді желеу қылған.

Соған қарағанда, күзде бензин бағасы негізсіз көтерілген деген күдік бар. Дегенмен, оған қатысты бағаның өсуін қалайтын мұнай компаниялары әзірге жақ ашпай отыр. Есесіне, жүргізушілер әжептеуір қуанып қалды.

 

comments powered by HyperComments