Пхёнчхан Олимпиадасы кезінде соңғы 25 жылда болмаған аяз күтілуде

75 рет оқылды
0

2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында күн қатты суық болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Мамандардың айтуынша, бұл соңғы ширек ғасырдағы ең суық мезгіл болғалы тұр. Олимпиаданың ашылу рәсімінде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендемек. Алайда, күшті жел салдарынан күн бұдан да суық бола түседі. Онмыңдаған спортшы, қала қонақтары мен еріктілер аязда 5 сағаттай тұруға мәжбүр болмақ.

Ал ұйымдастырушылар болса, стадион маңына желден қорғайтын арнайы әйнектер орнатып, көрермендерге жылы жамылғылар үлестірмек.  «Бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес. Тек уақытша шаралар қолдануға болады. Стадион үстіне шатыр орнатылмайды, оны қолға алғанның өзінде уақыт жетпейді», — деп атап өтті Олимпиада комитетінің мүшесі Сим Ки Джун.

 

comments powered by HyperComments