Қырғызстан Қазақстанның үстінен түсірген шағымдарын қайтарып алмақ

89 рет оқылды
0

Қырғыз үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразия экономикалық комиссиясына Қазақстанның үстінен түсірген шағымын қайтарып алмақшы. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Қырғызстанның вице-премьері Толқынбек Абдығұлов Қазақстан мен Қырғызстан шекарадағы жағдайды реттеді деп мәлім етті.

«Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразия экономикалық комиссиясына түсірген шағымдарды қайтарып аламыз, бұған біздің құқығымыз бар. Біз жағдайды ЕЭК және ДСҰ аясында реттеу үшін бар мүмкіндікті пайдаландық», — деді Абдығұлов.

Вице-премьердің айтуынша, Қырғызстанның үкіметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесін зерделеп жатыр.

 

comments powered by HyperComments