«Астана дарыны — 2017» байқауының жеңімпаздары марапатталды

62 рет оқылды
0

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана дарыны — 2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің медиа орталығы хабарлады. 

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған байқауға қатысуға 200-ден аса өтінім түскен. 16 аталым бойынша үздіктер анықталып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде байқаудың  салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қатысушыларды марапаттау салтанатына Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Серік Сәпиев қатысты.

Байқауда ғылым, үкіметтік емес ұйым, театр, қоғамдық қызмет, спорт, журналистика, жас кәсіпкер, жыл еріктісі, әлеуметтік саланың үздік қызметкері, эстрада, жыл студенті, кино, үздік мемлекеттік қызметкер және т.б. номинация бойынша мықтылар анықталды.

Қатысушылардың құрметіне эстрада өкілдерінің қатысуымен концерт өтті.

Айта кетейік, «Астана дарыны 2017» байқауы биыл еліміздің бас қаласында алғаш рет Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен өткізілді. Байқаудың жүлде қоры 2 250 000 теңгені құрады.

Астана әкімдігі аталған байқауды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

comments powered by HyperComments