Қазақстан жол қауіпсіздігі жөнінен «ең қауіпті» мемлекеттер санатына кірді

79 рет оқылды
0
Дүние жүзіндегі туристер қауіпсіздігімен және шұғыл түрде медициналық көмек көрсетумен айналыстан International SOS Халықаралық ұйымы 2018 жылға арналған турситер үшін ең қауіпті мемлекеттер тізімін жасады. Денсаулық және қауіпсіздік бойынша орташа деңгейлі мемлекеттер қатарында Қазақстан да бар.
Сондай-ақ, бұл қатарға Бразилия, Ресей және Үндістан мемлекеттері де кірген. Ұйым мүшелері атағандай, мұндай мемлекеттерде саяси тұрақсыздық кезеңі, наразылық шерулері мен террорлық әрекет болып тұрады екен. Ал саяхатшылар жергілікті тұрғындардан, әсіре діншілдер мен нәсілшілдерден зәбір көруі мүмкін. Ал полиция қызметінің сапасында өңірлерге байланысты айырмашылық бар екен.
Жол қауіпсіздігіне тоқталсақ, Қазақстан «өте қауіпті» саналатын топқа енген. Бұл тізімде бірнеше африкалық мемлекет, Таиланд, Вьетнам және Сауд Арабиясы бар.
Ал туристер үшін ең қауіпсіз елдер қатарына Норвегия, Дания, Финляндия, Исландия, Швейцария, Словения және Люксембург мемлекеттері енді. Ең қауіпті мемлекеттер қатарында Йемен, Ливия, Сирия, Ауғанстан, Орталық Африка Республикасы, Сомали, Оңтүстік Судан, сонымен қатар өзін-өзі тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Донецк пен Луганск Республикалары, Газа секторы бар.
Сирия , Ливия, Йемен, Сомали, Орталық Африка Республикасы, Ирак, Ауғанстан, Гвинея-Бисау, Бурунди ең қауіпті мемлекеттер болып шықты. Олар «айрықша қауіп-қатер деңгейін» білдіретін «Е» белгісімен білгіленген.
comments powered by HyperComments