Жаңа әліпби апострофсыз болуы мүмкін

63 рет оқылды
0

Жаңа әліпбидегі апострофтар жойылуы мүмкін. Бұл туралы А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында айтты. 

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша жұмыс тобының басшысы Қажыбектің сөзіне сүйенсек, жақында бекітілген әліпбиді жетілдіру жұмысы аяқталған жоқ. Президент қол қойған жарлыққа қарамастан, әліпбидің қандай болатыны туралы нақты айтуға әлі ерте. Ғалымның айтуынша, әртүрлі нұсқалар ескерілетін болады, басты мақсат – латын әліпбиінің әрбір қазақстандыққа қолайлы болуы.

Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі апострофқа қатысты айтылған сыни пікірлер әліпбиді жасап шығарушы ғалымның құлағына жеткен көрінеді. Қазақ әліпбиі апострофсыз қолданылуы мүмкін бе деген сұраққа агенттікке сұхбат беруші төтесінен жауап берді: Теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де апострофсыз қолданылуы мүмкін, неге болмасқа? Біз ыңғайлы, қажетті әрі тиімді дүниені жүзеге асыруға толық құқығымыз бар».

 

comments powered by HyperComments