Заңсыз балық аулап 2 млн теңге төледі

29 рет оқылды
0

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара  аудандық  ішкі істер бөлімінің  полиция  қызметкерлері  заңсыз балық аулап жүрген браконьерлерді  ұстады.

Оңтүстік Қазақстан  облысы  Шардара ауданында полицейлер  Сырдария  өзенінен заңсыз балық аулау жайтын анықтады.  Рейдтік іс-шара барысында Шардара АІІБ-нің жергілікті полиция қызметкерлері өзен жағалауында электр қармағымен заңсыз балық аулап отырған 1981 жылғы азаматты ұстады.  Айғақты зат ретінде тәртіп сақшылары  8 келі балық және балық аулауға керекті құрал-жабдықтарын тәркіледі.

– Осы  жайт  негізінде  ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша  Шардара АІІБ-нің  СДТБТ- не  тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Үстіміздегі  жылы  Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 26 экологиялық қылмыс, оның ішінде 6 заңсыз балық аулау және шамамен 50 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Айыпталушыларға әкімшілік хаттама толтырылып, олардан  шамамен 2 миллион теңге өндірілді, – деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасынан Салтанат Қаракөзова.

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жолын  кесу, тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен заңсыз пайдалану, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын үнемі  өткізіп тұрады.

comments powered by HyperComments