Жер телімін заңсыз үлестірген шенеунік қызметінен кетті

31 рет оқылды
0

Кадастрлық құны 56 млн теңге болатын 51 жер телімін халыққа заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Арнаның хабарлауынша, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысының бұрынғы басшысы коммерциялық мақсаттағы жер телімдерін қосалқы шаруашылық үшін деп тұрғындарға таратып келген. Кейін ол жерлердің құжатын кәсіпкерлік нысан немесе тұрғын үй салуға ауыстырып отырған.

Мемлекеттік қызметкердің айласын аудандық прокуратура әшкерелеп, жалпы көлемі 8,25 гектар жер телімін мемлекетке қайтарды. Бұл дерек тәртіптік кеңесте қаралып, нәтижесінде бөлім басшысы мен сәулетшісі қызметінен қуылды. Ал аудан әкімінің орынбасарына ескерту жасалды.

«2015 жылғы өзгерістерге байланысты жер қазіргі кезде тек қана аукцион, конкурстар арқылы беріледі. Яғни осыны біле тұра, заңды айналып өтіп, жоғарыда аталған бөлім басшылары 51 жер телімін заңсыз қосалқы шаруашылық ретінде табысталғаны анықталды. Тексерудің нәтижесін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәртіптік кеңесіне ұсыныс ретінде енгізген болатынбыз», – дейді Қарақия ауданының прокуроры Мақсат Жақаев.

comments powered by HyperComments