Италия мигранттарының саны 5 миллионға жетті

34 рет оқылды
0

Еуропада миграциялық дағдарыс тереңдеп барады. Италиядағы жағдай ушыға түскен. Қазір елде 5 миллион шетелдік тұрып жатса, жарты ғасырдан кейін оның көлемі едәуір ұлғаятын түрі бар, деп жазады 24.kz. 

2065 жылы мигранттардың саны еуропалықтардың  40 пайызын құрамақ. Италиялық сарапшылардың болжамы осы. Мамандардың айтуынша, Еуропаның басқа елдерінде де ахуал тура осындай.

Францияда қазірдің өзінде иммигранттардың бірінші және екінші ұрпағы халықтың 20 пайызыннан асқан. Германияда әр бесінші бала – шетелдік. Ал Ұлыбританияда жарты ғасырдан кейін жергілікті халық азшылыққа айналатын көрінеді.

Сарапшылар босқындардың Италияға ағылуын Еуропа халқының азайып, Африка тұрғындарының көбеюімен түсіндіріп отыр. «Оған құрлықтағы бала туу көрсеткішінің жоғары ал экономикалық дамудың төмен болуы себеп», – дейді олар.

Даниеле Скалеа, сарапшы:

Ұлттық санақ агенттігінің мәліметтерін саралай келе, біз 2065 жылы Италия халқының 40 пайызын өзге елден келген шетелдіктер құрайды деп болжап отырмыз. Бұл мемлекет алдында саяси, әлеуметтік және мәдени сипаттағы бірқатар мәселені туындатады. Сондықтан билік зерттеуге аса ден қойып, осындай нәтиженің болғанын қалаймыз ба, жоқ әлде оны өзгертуіміз керек пе соны шешуі тиіс.

comments powered by HyperComments