«Алтын Орда» көпірінен секірген қыздың бұл әрекетке не үшін барғаны белгілі болды

88 рет оқылды
0

Жуырда «Алтын Орда» базары маңындағы жаяу жүргіншілер көпірінде қайғылы оқиға болған еді. Өмірімен қоштаспақ болған жас қыз көпірден секіріп кектен. Оқиға куәгерлері оның мұндай әрекетке баруына не себепкер болғанын айтып берді. Бұл туралы  NUR.KZ  хабарлады. 

«Қыз алдымен көпірдің сатысында тұрып, телефонмен жарты сағат жігітмен сөйлесіпті. Тіпті арасында жылаған. Бойжеткеннің аяғы ауыр екенін осы көпірде отыратын саудагерлер көрген. Себебі, іші кәдімгідей шығып қалыпты. Ол «түсінші, түсінші мені» деп жігітіне жалынған. Оның әңгімесін көбі естігенмен, бойжеткен көпірден секіріп кетеді деп ойламаған ғой. Барлығы айтып жатыр жігіті екіқабат қылып тастап кеткен соң, секірді деп. Артық айтсам тілім жазықты»,- деп ақталды атын айтудан бас тартқан хиджаптағы саудагер келіншек.

Саудагерлер өзіне өзі қол салған бойжеткенді қызу талқылап, тіпті уайымдап та жүр.

«Бір көргенімде қыз телефонмен сөйлесіп тұрған. Барлығы шу ете қалған соң қарасам жолда кетіп бара жатқан қара джиптің үсітне құлаған ғой. Халық лезде жиналып қалды. Полиция келіп осындағылардан түсінік алды. Атымды айта алмаймын. Ертең мазамды алады базар басшылығы. Қайғылы жағдайдан соң мына көпір әлі ашық тұр. «Алтын Орда» маңында екіқабат болып, күйеуі тастап кеткен жалғызбасты әйелдер көп. Солар үшін алаңдаймын. Бір бойжеткеннің қайғысынан соң енді басқалары да соны қайталамасына кім кепіл? Осыны қала басшығы ескерсе. Көпірден секірген алғашқы жағдай емес қой. Алдында да Алматының басқа бөлігінде болды. Меніңше, көпірдің ішін жұқа темірмен қаптап тастау қажет»,- деп өз ойын айтты көпірде отырып телефонға қажетті заттар сататын жас жігіт.

Расыменде аспалы көпірдің баспалдағы орналасқан жағы ғана темір тормен жабылса, бойжеткен секірген бөлігі әлі ашық тұр.

comments powered by HyperComments