Алдаркөсеге ескерткіш орнатылды

28 рет оқылды
0

Қарағандыда Алдаркөсеге ескерткіш орнатылды. Ол Қарағандыдағы мемлекеттік балабақша алдындағы алаңға қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Бақытгүл Абдрасилованың айтуынша, бұл кейіпкер халық даналығы мен тапқырлығының символы. «Балалардың өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезінгені өте маңызды. Өзінің ақылды айлакерлігімен ол адамдарды сараң болмауға, рақымсыздарды мейірімді болуға үйретеді», — дейді балабақша директоры. Саз балшықтан жасалған есек мінген Алдаркөсенің ескерткіші — қарағандылық мүсінші Бөскей Қыздарбековтың балаларға жасаған тартуы.

comments powered by HyperComments