Отандық кәсіпкерлердің қателігі не?

40 рет оқылды
0

Германиялық сарапшы Ульрих Майер Қазақстандағы бизнес саласының дамуына баға беріп, орынды ұсыныстар айтты.

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Германия өкілі Ульрих Майер Жамбыл облысына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдараламасы аясында келген.  Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне қандай баға бересіз деген сұраққа Ульрих Майер ашық жауап берді: «Егер сіздер бизнестің дамуын шынымен қолдағыларыңыз келсе, барлық ережені түбегейлі өзгерту қажет. Жалпы, Қазақстандағы, соның ішінде Жамбыл облысындағы бизнес саласының дамуына оң баға беремін», — деді Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Шухрат Хашимов. Сарапшының пікірінше, Кәсіпкерлер палатасы мен басқа да меморгандар елдегі бизнес-климатты жақсарту үшін көптеген жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Сіздердің кәсіпкерлеріңізге айтар бір тілегім бар — олар барын қанағат тұтып, бір күнімен өмір сүрмеуі керек. Барлығы өз ісінің болашағы үшін жұмыс істеуі керек. Бизнесте бүгінгі пайда немесе табыс болмауы керек. Егер сіздің ісіңіз бір жолға түсіп, дәл осындай үрдіс жалғасатын болса, ол сіздің дамымай қалғаныңызды білдіреді. Өзін-өзі жетілдіріп, дамып, тек қана алға жылу керек. Екінші мәселе -ауылдық жерлерде жалақының төмен болуы. Еуропада ауыл шаруашылығы жұмысшылары, басқа да салалардың қызметкерлері айтарлықтай көп жалақы алады, ал бұл туралы тек мемлекет қана емес, бизнесмендер де ойлануы қажет», — деді ол.

 

 

comments powered by HyperComments