Бақыт кілті неде?

42 рет оқылды
0

Адам баласы бақыттың кілтін іздеуден жалыққан емес. Ғалымдар бұл құбылысқа да ғылыми зерттеу жүргізіп көріпті. Иллинойс штатында орналасқан Солтүстік-батыс университетінің нейробиологы Моран Серф бақытты болу адамдардың өзіне байланысты екенін айтады. Бұл туралы ол Business Insider басылымына берген сұхбатында айтты.

Моран Серф он жылдан аса зерттеу жүргізіп, бақыттың материалдық жағдайға, жеке философия немесе адамның тәжірибесіне байланысты емес деген қорытындыға келген. Айтуынша, бақыт адамды қоршаған адамдарға тікелей байланысты. Басылымның мәліметінше, нейробиологтың бұл мәлімдемесіне екі негіз бар.

Біріншіден, белгілі бір шешімді тез арада қабылдау адамды шаршатып жібереді. Осындай жағдайда адамға ақыл-ой энергиясы келе бастайды. Адам сол энергияны белгілі бір нәрсеге ғана жұмсай алады: қайда тамақтануға болады, қандай әнді тыңдауға болады, не кисем болады.

Екіншіден, адамдар өздері қабылдаған шешімді оны қоршаған адамдар да қолдайды деген қате пікірді ұстанып келеді. Олар тек дұрыс шешім қабылданған жағдайда және оны қоршаған адамдар соны қолдаған жағдайда ғана бақытқа жетуге болады деп ойлайды.

«Сондықтан кез келген адам өзін оның пікірімен келісетін және көзқарастары ұқсас адамдармен араласу керек. Сол кезде ғана ол өзін бақытты адам сезініп, күйзелістен арыла алады», — деді ғалым.

comments powered by HyperComments