Маңғыстауда «Рухани жаңғыру» керуені жолға шықты

35 рет оқылды
0

Маңғыстауда «Рухани жаңғыру» керуені жолға шықты. Республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» керуені бағытын Маңғыстаудан бастады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Түрлі сала өкілдерінің басын қосқан көш өңірдегі 56 елді мекенді аралап, жастармен кездеседі. Шараның мақсаты — Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласын  іске  асырудың  негізгі  бағыттарын  көрсете отырып, жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатыстыру. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жобаларды жан-жақты түсіндіріру.   Керуен құрамындағы топ мүшелері 5 бағытта жұмыс жасауды қолға алған. Атап айтсақ,  бос  уақытты  ұйымдастыру, жұмыспен қамту, құқық бұзушылықтың алдын алу, патриоттық тәрбие беру, тұрғын үй және жатақханмен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолдау көрсету. Делегация осы уақытқа дейін 4 аудан мен 26 елді мекенді аралап, жергілікті жастардың қатысуымен түрлі шараларды ұйымдастырғандарын айтады. Қорытынды кездесуді 15 қараша күні Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткізуді жоспарлап отыр. «Рухани жаңғыру» керуені әрі қарай Атырау облысын аралайтын болады.

comments powered by HyperComments