Сағынтаев Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

26 рет оқылды
0

Сағынтаев Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті. Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында ағымдағы жағдай және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды.   Анықтама: 2016 жылы елдер арасындағы өзара сауда $1,1 млрд (экспорт — 558,6 млн, импорт — 552,9 млн) құрады. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде аталған көрсеткіш $769,1 млн-ға (экспорт — 565 млн, импорт — 203,8 млн) жетті. ҚР-ға жапон инвестицияларының бірлескен түсімі соңғы 10 жылда $6,3 млрд-тан асты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тікелей инвестициялар $470 млн құрады. Қазақстанда жапон капиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын бар, олар мұнай мен газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме сату, электр байланыс, жабдықтардың көтерме саудасы, ағаш дайындау және логистика сияқты салаларда жұмыс жасайды.

comments powered by HyperComments