Сауд Арабиясы шенеуніктерінің ісі мұнай бағасын шарықтатып жіберуі мүмкін

39 рет оқылды
0

Сарапшылардың пікірінше, Сауд Арабиясындағы жағдайға байланысты Brent мұнайы баррелінің құны аз уақыт ішінде $70-ға жетуі мүмкін. Алайда кей факторлар бір баррельдің бағасы $60 және одан төмен болуы мүмкін екенін де көрсетеді. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. 

2015 жылдың жазынан бастап мұнай бағасының ең жоғарғы көрсеткішке жетуі, бір жағынан, Сауд Арабиясындағы шенеуніктерді сыбайлас жемқорлық үшін қамауға алуға байланысты болған, деп есептейді сарапшылар.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Brent бағасы  осылай өсе берсе, барреліне $70-ға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, экономистердің пікірінше, бағаның өсуі қазіргі уақытша жаңалықтардың өзектілігін сақтауына да байланысты болуы мүмкін.

Кейінірек фундаменталды тарап басым түсіп, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне $60-ға түсуі ықтимал.

Еске сала кетейік, Сауд Арабиясының ханзадасы Аль-Валид бен Таляль бен Абдель Азиз Аль Сауд бен бұрынғы мемлекеттік министр Ибрагим бен Абдель Азиз аль-Асафдты 5 қараша күні Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары ұстаған еді, оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сенбі, 4 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоғары комитеті қазіргі билік етіп отырған отбасының 11 ханзадасын, сондай-ақ бірнеше ондаған министрді жемқорлық жасады деген күдікпен ұстады. Осы жағдайлар 6 қарашадағы сауда барысына әсер етті.

 

comments powered by HyperComments