Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Қазақстан халқының тілдері күні болып бекітілді

50 рет оқылды
0

Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан қыркүйек айының бесі -Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұл туралы Астанда «Жаңа әліпби — Жаңғыру жолы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов мәлім етті, де хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Сол үшін барлықтарыңызды құттықтағым келеді. Бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісі болатын. Ахаңның біраз құжаттарын ақтардық. Бұрын Ахаң 1973 жылы 29 қаңтарда дүниеге келді деп келген. Архифтерді ақтарғанда Ахаңның өз қолымен жазған үш құжат табылды. Үшеуінде де ол «бесінші қыркүйек күні тудым» деп жазылған. Яғни, Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте өмір есігін ашқан. Осыған байланысты мектептегі оқулықтардың барлығы түзетіліп жатыр. Биыл 145 жылдығы. Келесі жылдан бастап 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып аталып өтетін болады», — дейді Ербол Тілешов.

Айта кетсек, Астанадағы өтіп жатқан шарада қоғам қайраткерлері, лингвист-ғалымдар, депутаттар латын әліпбиіне көшу мәселелесін талқылап жатыр.

 

comments powered by HyperComments