Жамбыл облысындағы жетімдер үйінде балалар саны 50 пайызға азайды

90 рет оқылды
0

Жамбыл облысында жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің саны 50%-ға дейін төмендеді, деп хабарлады 24.kz.

Бұл жеткіншектерді отбасылық тәрбиеге берудің инновациялық түрлерін дамытудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Сонымен қатар 5 жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған 2 мекеме жабылған. Ал отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің саны 15-ке жетті.

Қазір онда 63 бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша 78 бала асырап алынған. Жалпы өңірде бүгінгі күні 1500-ден астам осындай бала бар. Олардың 1126-сы қорғаншылық пен қамқоршылықта, 139-ы патронаттық тәрбиеде.

Мұхтар Керімбеков, облыстық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің жетекшісі:

— Балалар үйінде 400-ден аса бала болды. Қазір ол жерде – 209. Балалар саны 50%-дан астам кеміді. Бұл балаларды отбасылық тәрбиеге берудің арқасында болды. Биылдың өзінде 53 бала балалар үйінен отбасылық тәрбиеленуге орналасты. Соның есебінен осында жылдан-жылға балалар саны азайып келе жатыр.

comments powered by HyperComments