«Ислам мемлекеті» Нью-Йорктегі теракт жауапкершілігін өз мойнына алды

41 рет оқылды
0
epa06301816 Investigators work at the scene of an attack on 31 October where a man driving a truck killed eight people and injured 11 in New York, New York, USA, 01 November 2017. The attacker, Sayfullo Saipov, was shot after jumping out of the truck and is in critical condition. The attack is being investigated as a terrorist incident. EPA-EFE/JUSTIN LANE

Нью-Йоркте 31 қазанда болған теракт жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы өз мойнына алды, деп хабарлады Reuters. Ақпарат агенттігі радикал күштердің бақылауындағы басылымдарға сілтеме жасаған.

Бұл басылымдар сегіз адамды өлтірді деп айытпалған Сайфулло Саиповты «халифат сарбазы» деп атаған. Бұған қоса мәліметтер жарияланбады.

Саиповқа террорлық топқа материалдық және ресурспен көмек көрсетті деген айыптар да тағылды. Полиция мәліметіне қарағанда, велосипедшілерге шабуылдау үшін пайдаланылған автокөлікте күдіктінің «Ислам мемлекетіне» адалдығы туралы жазба табылған.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио бұл шабуылды «бейбіт және кінәсіз адамдарға жасалған опасыз шабуыл» деп атады. Америкалық заң шығарушылар Ақ үйден Сайфулло Саиповты Гуантанамодағы әскери түрмеге жіберуін сұрап отыр.

 

comments powered by HyperComments