Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет

61 рет оқылды
0

«Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті бүгінгі жағдайдағы әлемнің дамуы партия алдына да зор мақсаттар жүктейтіндігін баса айтты. «Сөз «Нұр Отан» партиясының өзін жаңғыртумен байланысты болып отыр. Өйткені, ел, экономика жаңғырып, соған сәйкес саяси күштер де соған сай болуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы елдегі ахуалдың тұрақтануына, Қазақстанның дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына «Нұр Отан» партиясы зор үлес қосқанын атап өтті. Парламенттік сайлаулардан лайықты деңгейде өтіп, шын мәнінде Қазақстанның басты саяси күші құқығына ие болғанын еске салды. «Дегенмен, бізде тоқтауға болмайды. Өздеріңіз де білесіздер, биыл біз экономиканы, саясатты, біздің қоғамымыздың рухани саласын жаңғыртуға кірістік. Жаңғырту еш уақытта да оңай болмайды. Ол айтарлықтай қарсылықтарды туындатуы мүмкін. «Нұр Отан» партиясының рөлі ең алдымен жаңғырту бағдарын саяси қолдаудың тетіктерін құруда», — деді ҚР Президенті.

comments powered by HyperComments