Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

41 рет оқылды
0

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Данияр Ақыщев Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде есеп берді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.

Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

comments powered by HyperComments