Терең білім  кертартпа ағымдардан қорғайды

80 рет оқылды
0

Таяуда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Алматы облысында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс тобының құрамында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік Сақбайұлы, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық «Орбита-3»- мешітінің наиб-имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Серік Тәжібаев бар. Халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараға облыстағы қалалар мен аудандардың тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ өкілдері, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер және де оқу орындарының қызметкерлері қатысты. Әсіресе, түзету мекемелеріндегі сотталғандар, оның ішінде, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Талдықорған қаласы және Заречный елдімекеніндегі түзету мекемесінде отырған азаматтармен кездесіп, әңгімелесті.

Жиында сөз алған Серік Тәжібаев: «Лаңкестік пен содырлық сорақы әрекеттерге апарып соқтыратын қате әрекеттерден қорғанудың бірден-бір жолы  ̶ ғылым мен білімді терең игеру. Ата-бабамыз асыл мұра ретінде қалдырған бейбіт заман мен бай дәстүрді, кең-байтақ елді сақтап, көркейте түсуге, жастарға, алғашқы кезекте діни түсініктің өте сауатты болуы, өзге де өмір салаларын жан-жақты меңгеруі көмектесетіні даусыз», ̶ деп пікірін білдірді. Ол, осымен бірге, ғаламтор арқылы таратылатын жалған ақпараттарға лайықты тосқауыл қоюда ата-аналар қауымының компьютерге жиі жақындаудан қашпауы керектігін атап өтті.

Еркежан АЙТКАЗИНА

comments powered by HyperComments