Еуропарламент комитеті Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге шақырды

106 рет оқылды
0

Еуропарламент комитеті Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге шақырды. Еуропалық парламенттің халықаралық істер жөніндегі комитеті Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, «Шығыс әріптестігі» жобаны дамытуға шақырған.

Бұл жөнінде Азаттықтың Брюссельдегі тілшісі хабарлайды.

Бұл жоба Грузия, Молдавия және Украинаға қатысты. Еуропарламент бұл елдер үшін кеден одағына, сандық нарыққа, әрі қарай Шенген аймағына өту үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді ұсынады.

24 қарашада Брюссельде «Шығыс әріптестігі» саммиті өтеді. Оған Армения, Әзербайжан және Беларусь елдері қатысады.

 

comments powered by HyperComments