Салтанат Әзірбек өз суретін арықтауға арналған дәрінің жарнамасына қолданғандармен соттасуда

126 рет оқылды
0

Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек арықтауға арналған дәрі-дәрмекте өзінің арықтауға дейінгі және кейінгі келбетін жарнамада заңсыз пайдаланғандардың хабарламасына сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 Жарнама әлеуметтік желілерде пайда болған. Видеода Салтанат Әзірбектің бейнесі көрінеді де, ол жерде «30 күн ішінде 28 келіге арықтау» деген жазба тұрады.

Содан кейін видеода көрінген сілтемені басқаннан кейін оның қазақстандық басылымдардың біріне берген интервьюі ашылады. Әрі қарай мақаладан және пікірлерден кейін дәріні қай жерден сатып алуға болатыны көрсетілген сілтеме шығады.

Сондай-ақ, жарнама беруші дәрі-дәрмектер спортпен шұғылдануына болмайтын адамдарға да арықтауға көмектесетінін жазған.

Салтанат Әзірбек Алматы ІІД жалған жарнама берген тұлғаларды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастағанын айтты.

«Бұл жалған мәлімет. Ондай хабарламаларға сенбеңіздер. Мен ешқашан жарнамалық кампанияларға қатысқан емеспін және ондай қадам жасау жоспарымда жоқ. Менің тіпті әлеуметтік желілерде және блогтарда жеке парақшаларым жоқ. Жұмыста біз мемлекеттік қызметкерміз. сондықтан қарапайым болуға шақыратын этикалық кодекске бағынамыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, ведомстводағылардың айтуынша, денсаулықты сақтау үшін осындай жарнамаларға аса сақтықпен қараған жөн. Егер кімде кім осындай заттар қабылдап, зардап шегетін болса, ІІД-нің аймақтық бөлімшелеріне

comments powered by HyperComments