Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден беріледі

59 рет оқылды
0

Алматы түбінде әуе апатынан қаза тапқандардың отбасы бір миллион теңге алады, деп хабарлады East Wing компаниясының президенті Вилатий Масалитин «Астана» телеарнасына.

 Оның айтуынша, комиссия апаттың себептерін анықтауда, жақын арада Мәскеуде қара жәшік тексеіледі.

«Мүмкін. Бәрі мүмкін. Ұшақтың төмендеуіне электр желісінің де кедергі келтіргені анық. Сол себепті ол кедергі болмағанда, ұшақты сәтті қондыруға болар ма еді деп пайымдаймыз. Бірақ бірнәрсе сынып, жұлынып кетті. Бірақ ұшақ жарылып кетпейтін еді. Бұл жағдайда ол қанатымен бағананы соғып кетіп, қанаты сынып, жанармай төгіліп кетті. Сөйтіп, ұшақ жерге құлап түсті», — дейді Масалитин.

Әуекомпаниясы қаза тапқан қызметкерлердің денесін жеткізу және жерлеу бойынша кеткен шығынды өз мойнына алды.

 

comments powered by HyperComments