Қаңтар-қыркүйек аралығында инфляция деңгейі 4,2 пайызды құрады

73 рет оқылды
0

Еліміздегі инфляция деңгейі ағымдағы жылдың тоғыз айында 4,2 пайызды құрады. Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы тоғыз айда 3,1%-ға, азық-түлік емес тауарларына 5,5%-ға, ақылы қызметтерге 4,3%-ға өсті. Бұл туралы  ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі қой етіне 12,7%, сиыр етіне 12,6%, консервіленген сүтке 9,2%, картопқа 8,4%, кондитерлік өнімдерге 8%, сары майға 7,6%, жылқы етіне 7,5%, мәйекті ірімшікке 7,2%, мұздатылған балыққа 6,7%-ға белгіленді.

Бағаның төмендеуі қиярға 61,9%, қызанаққа 58,6%, жұмыртқаға 29,4%, сарымсаққа 26,7%, тәтті бұрышқа 25,4%, қарақұмық жармасына 21%, қантқа 10,3%, күнбағыс майына 10,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 8,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге 7,2%-ға, автомобильдерге, кітаптарға 6,6%-дан, киім және аяқ киімге 5,3%, тоқыма бұйымдарына 5,2%, газеттер мен журналдарға 5%, фармацевтикалық өнімдерге 4,8%, жеке қолданатын тауарларға 4,3%-ға, тұрмыстық аспаптарға, жиһаз және үйге қажетті заттарға 4,1%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға 3,6%-ды құрады.

Дизель отыны 13,3%, бензин – 8,7%, баллондағы сұйытылған газ, тас көмір 7,8%-дан қымбаттады. Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру 6,8%, денсаулық сақтау 6,5%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы 6%, қоғамдық тамақтандыру 3,7%-ға өсті.

Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 13,9%, ішкі қалалық автобуспен 8,9%, қалааралық 4,9%-ға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын теміржол көлігімен 0,5%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 10,8%, кәрізге 9,2%, орталықтан жылытуға 7,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 6,3%, суық суға 4,9%-ға, электрэнергиясына, ыстық суға 3,6%-дан жоғарылады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, Астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2017 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі 37,6%, азық-түлік емес тауарлар 30,2%, ақылы қызметтер 32,2%-ды құрады.

 

comments powered by HyperComments