Түркістанға келген туристерден қазынаға 110 млн теңге түскен

89 рет оқылды
0

Түркістан шаһары күннен-күнге гүлденіп келеді. Еліміздің рухани орталығына осыдан 4 жыл бұрын 618 мың саяхатшы келсе, ал өткен жылы 1 млн 60 мың қонақ аялдапты. Оның 24 мыңы шетелден келген меймандар. Қалаға келген саяхатшылардан 110 млн теңге табыс түскен. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Яғни өңірдегі туризмнің үлесі қала экономикасының дамуына өз үлесін тигізіп отыр. Шаһардың өзінде қазір 260 мыңнан астам адам тұрады. Халықтың 102 мыңнан астамы экономикалық тұрғыдан белсенді. Түркістанда өнеркәсіп саласында да ілгерілеушілік бар. Қалада 56 кәсіпорын болса, оның алтауы ірі, ал 38-і шағын жұмыс орны. Келер жылы 251 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 4 жоба іске асырылмақ.

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі: 

— Негізінен Түркістан қаласы аграрлық сектор болып табылады. Соған қарамастан Түркістанның өнеркәсіп пен туризм салаларының дамуына толық мүмкіндігі бар деп айта аламыз. Индустриалды аймаққа 14 жобаны орналастырдық. Оның төртеуі былтыр қосылған болса, биыл 2 жобаны, темірбетон зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осы 1 айдың көлемінде қосылатын болады. Одан бөлек жұмсақ жиһаз шығаратын бір мекемені қосуды жоспарлап отырмыз. Ендігі жылы 4 жобаны іске асыру жоспарда бар.

comments powered by HyperComments