Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа мұнай құбыры іске қосылады

78 рет оқылды
0

Қазақстан мен Өзбекстан 2021 жылға қарай Шымкент-Жызақ магистралды мұнай құбыры жобасының құрылысын аяқтау туралы келісімге келді. Бұл жоба іске асса, жылына 5 млн тонна мұнай тасымалданады деп жазады жергілікті БАҚ.

Жоба Өзбекстан мен Қазақстан үкіметі арасындағы энергетика саласы бойынша келісім негізінде атқарылады.

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, Шымкент — Жызақ мұнай құбырының құрылысын бастауға екі жақта атсалысып, жағдай жасайды.

Жобаны қаржыландыру, құрылыс жүргізу және оны қолдануға беру кезеңдері әр мемлекеттің арнайы құрған өкілетті ұйымдары тарапынан жүзеге асады.

 

comments powered by HyperComments