Алматы облысында екі мешіт пайдалануға берілді

90 рет оқылды
0

Алматы облысының Сарқан ауданында бір күнде екі мешіт пайдалануға берілді. Оны салуға ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындары атсалысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сарқан қаласындағы орталық мешіттің ашылуына халық көп жиналды.

Нысанның құрылысы осыдан 4 жыл бұрын басталған. Оның салынуына өңірдегі қалталы азаматтардан бастап, қарапайым халыққа дейін атсалысқан. Бұл аудан орталығындағы екінші мешіт. Ал жаңа екінші мешіт 500-ден аса тұрғыны бар Бірлік ауылында пайдалануға берілді. Бұл елді мекенде осыған дейін мінәжат ететін орын болмаған. Тұрғындар жұма намазына Сарқан қаласына баратын. Жаңа мешіт жанында ас беретін орын мен шағын намазханалар да қарастырылған. Жалпы, бүгінде облыста 435 мешіт бар. Оның 20-сы осы Сарқан ауданында орналасқан. Қазір Аманбөктер ауылында тағы бір мешіт бой көтеріп жатыр. Келер жылы қолданысқа берілмек.

comments powered by HyperComments