Ғалым Құсайынов «Банк ЦентрКредит» АҚ басшысы болып тағайындалды

98 рет оқылды
0

 «Банк ЦентрКредит» АҚ (БЦК) директорлар кеңесінің шешімімен банктің басқарма төрағасы қызметіне Ғалым Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім бүгін БЦК директорлар кеңесінің жиналасында қабылданды. Ғалым Құсайынов 2005 жылы Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің экономика факультетін үздік бітірген. MBA дәрежесінің иегері, ACCA бағдарламасы бойынша оқуын аяқтап жатыр. Ол өз қызметін «Омск-Полимер» ЖШҚ-да бастаған, кейін 2009 жылы «Заречное» БК АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2011 жылдан қазіргі таңға дейін Ғалым Құсайынов БЦК директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітовтың командасында жұмыс істеп келеді. Биыл мамыр айынан бері ол банкте атқарушы директор-басқарма мүшесі ретінде еңбек етіп келді. Бұдан бұрын БЦК басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Владислав Ли өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдап, жұмыстан кету туралы арыз жазған болатын. Бұдан бөлек, Владислав Ли директорлар кеңесіне қарасты комитеттерге белсенді қатысып, банктің маңызды клиенттерімен тиімді байланыс орнатуын жалғастыратын болады.

 

comments powered by HyperComments