«Өзбекмұнайгаз» 1 млн тонна мұнайды Қазақстан мен Ресейден импорттайды

141 рет оқылды
0

«Өзбекмұнайгаз» АҚ 2018 жылы бір миллион тонна мұнайды Қазақстан мен Ресейден тасымалдайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне компанияның басқарма төрағасы Әлішер Сұлтанов айтты.

«2017 жылы біз 30 мың тонна мұнайды қыркүйек айында, ал 200 мың тонна мұнайды жыл аяғына дейін импорттауды жоспарлап отырмыз деді ол. Ал келесі жылы мұнай импорты бір миллион тоннаға жетеді. Ресейлік әріптестермен келісім дайындалып жатыр. Қазақстанмен шарт жасастық», — деді Сұлтанов.

«Узбекнефтегаз» басшысы мұнай Омск – Павлодар – Чимкент құбыры арқылы, әріқарай Өзбекстанға темір жолмен жеткізілетінін айтты.

Өзбекстан Жизақ облысында 2021 жылы мұнай өңдеу кешенін салуды көздеп отыр.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Өзбекстанға бір миллион тоннаға дейін мұнай өнімдерін жеткізуге әзір деген еді.

 

comments powered by HyperComments