Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин әлі де қымбаттап жатыр

34 рет оқылды
0

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин әлі де қымбаттап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС сайтының мәліметінше, АИ-92 отыны 147 теңгеден, ал АИ-95 160 теңгеден сатылып жатыр.

Royal Petrol ЖҚБ-да АИ-92 — 174 теңге, АИ-95 — 159 теңге. Sinooil ЖҚБ-да АИ-92 — 146 теңге, АИ-95 — 159 теңге. Helios бекеттерінде АИ-92 бензині 145 теңгеге, ал АИ-95 159 теңгеге жетті. Осылайша орта есеппен Аи-92 бағасы 1 теңгеден 3 теңгеге дейін қымбаттап жатыр. Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте де Қазақстанның жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттаған болатын. Сол кезде бірнеше жанармай бекеті бензин бағасын 145 теңгеге дейін көтерген болатын.  Кейінірек энергетика министрі Қанат Бозымбаев дизель отынының айтарлықтай қымбаттауына алғышарттар жоқ екенін мәлімдеген.

comments powered by HyperComments