Назарбаев жас министрлерді мақтады

36 рет оқылды
0

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үкіметінің құрамын мақтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның министрлер кабинеті жас әрі білімді.

Сондай-ақ, Президент қазіргі жас министрлерде бар мүмкіндіктердің кезінде болмағанын айтып өтті. «Қазіргі уақытта мен үкіметтің жаңа құрамын тағайындадым. Жастар. Орта жастары 40-50-де. Ең жас министрдің жасы 36-да, ал ең үлкені — 50-де. Олардың барлығы ағылшын тілін меңгерген, білікті. Батыстағы университеттерде білім алған. Мен сендерге қызығамын. Менің кезімде және мен сендер сияқты жас болғанда осылай білім алуға және өз Отанында ауқымды проблемаларды шешуге мүмкіндіктер болмады. Сіздерде мүмкіндіктер бар, мемлекетіміз бар. Жұмыс та көп», — деді Президент цифрландыру мәселелелері жөніндегі республикалық жиында.

comments powered by HyperComments