Ақтөбелік Қызыл кітапқа енген құсты атты

68 рет оқылды
0

Ақтөбелік Қызыл кітапқа енген құсты атты. Ақтөбенің Алға ауданында 45 жастағы күдікті Қызыл кітапқа енген безгелдекті атып алды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбенің Алға ауданында аң аулап, құс атып жүрген 45 жастағы күдікті ұсталды. Ол мотоциклмен жүріп үйрек, Қызыл кітапқа енген безгелдекті атып алған. «Жергілікті полиция қызметі 12 калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша іс қозғалды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

comments powered by HyperComments