Латын әліпбиіне көшу Қазақстанды әлемдік өркениетке жетелейді

96 рет оқылды
0

Филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбекті сөзінше, латын әліпбиіне көшу тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақстан республикасын әлемдік өркениетке жетелейді. Сыншы, әдебиет зерттеушісі сондай-ақ Елбасының бұл бастамасын тіл білімі мамандары да қызу қолдап отырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Латын әліпбиіне көшу арқылы біздің алфавитімізде ұлттық болмыс, ұлттық сипат болады. Латын алфавитінен қазақтың рухын көріп тәрбиеленсе жастарымыз, қала берді келешек ұрпақ ұлтжанды болар еді деген ойдамын»,-дейді Құлбек Егөбек.   Жалпы тіл білімінің профессоры бұл бастаманың кезінше қазақ қиялылары да көтергенін айтады. Яғни, латын әліпбиіне көшу бұрыннан айтылып келе жатқан мәселе. «1926 жылы Бакуде дүниежүзілік туркологиялық конгрес өткен, сонда Кеңестер Одағындағы мемлекеттер тарапынан латын әліпбиіне көшу мәселесі сөз болған. Сол жерде Ахмет Байтұрсынов бұл ұсынысқа қарсы болды. Есесіне қазақтан шыққан тұңғыш елші Нәзір Төреқұлов латын әліпбиіне көшуді қолдады.

Ол кезде Сауд Арабиясында елші болып жүрген азамат көп тіл білетін, араб, парсы, шығыс тілдерін айтпағанда, неміс, француз, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеген. Қала берді тәжік тілінде оқулық жазған. Ол кісі қоғамның келешегі латын тілінде екенін ескеріп, конгресте сөз сөйледі. Бірақ латын әліпбиі бас-аяғы 5-6 жыл көлемінде-ақ болды. Мысалы, Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалауы» латын әріптерімен басылып шықты. Алайда көп ұзамай-ақ Кеңес үкіметінің басшылығы бәрін кириллицаға өткізіп жіберді»,- дейді әдебиет зерттеушісі. Құлбек Сәрсенұлының сөзінше, енді өзекті мәселе Елбасымыз тарапынан қолдау тауып, дер кезінде қолға алынып отыр. Ендігі мәселе оны жұртқа дұрыс түсіндіре білу керек. «Латын әліпбиіне көшу туралы тиісті шешім алынды. 25 әріп ұсынылды. Жалпы, оның орыс тіліне зияндығы жоқ. Кирилица қатар жүре береді. Осы мәселелерді біз халыққа жеткізуіміз керек. Бұл біздің еліміздің әлемдік деңгейде өркениетке жетудің бір амалы болады»,- дейді профессор Құлбек Ергөбек.

comments powered by HyperComments