Апалы-сіңлілі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізуші 2 айға қамалды

130 рет оқылды
0

Павлодарда оқушы қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды. 30 жастағы Наталья Пекнич енді сот басталғанға дейін тергеу изоляторында отырады деп хабарлайды КТК арнасы.

Айыпталушы әйелдің өзі сот отырысы кезінде көз жасын тия алған жоқ. Айтуынша, жолды кесіп өтпек болған жеткіншектерді шынымен аңғармаған. 30 жастағы азаматша бұл қызметте бес жылдан бері жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүріпті.

Естеріңізге салсақ, 7 қыркүйек күні апалы-сіңлілі екі оқышыны трамвай таптап кеткен болатын.

10 жасар Махаббат сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген. 8 жасар Маралдың жағдайы әлі де мүшкіл.

Енді осыған қатысты тергеу біткенше күдікті әйел қамауда отыруы тиіс.

«Орта білімді, кәмелет жасына толмаған бір балалы, бұрын сотталмаған Натаья Пекничке қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Азаматша Қылмыстық кодектің 345 бабы үшінші тармағы бойынша айыпталып отыр. Соттың бұл шешемін үш күн ішінде бұздыруға шағымдануына болады», — дейді Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Әсет Сүлейменов.

comments powered by HyperComments