Бекболат Тілеухан: Әліпби ауыстыру астана ауыстырудан қиын емес

222 рет оқылды
0

«Әліппе ауыстыру астана ауыстырғаннан қиын емес». Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қазақ графикасының латын әліпбиіне көшу жөніндегі парламеттік тыңдау барысында осылай деді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

Бекболат Тілеухан енді латын әліпбиіне көшпесек, кеш болып қалуы мүмкін деген пікір білдірді.

«Шынында да дайындалдық, осы нәрсенің түбі болатыны әркімге белгілі болды. Және біз өзімізді дайындаған жоқпыз, уақыт дайындады. Қалта телефонымызға келген СМС хабарлар орыс тілінде келген информацияның өзі   латиницамен келіп, солай дайындады. Осы күні соткасынан айырылған адам, соскасынан айрылған баладан бетер мына заманда шынында да кетіп жатқан ақпараттың барлығы латиница, өйткені әдеп солай ыңғайланып жатқан кезде туады. Осы уақыттан ерте бастасаң ерте болып кетер еді, енді кешіксек кеш болуы әбден ықтимал», — деді депутат.

Сондай-ақ депутаттың айтуынша, тіліміздің әліпбиін ауыстыру астаны ауыстырудан қиын емес. Ол үшін бастысы — ниет керек.

«Алдымызда үлкен бір Әліпби реформасын жасауда, кеше қысынан айырылған түріктің реформасы бар, өз елінде өгей шыққан өзбектің реформасынан алатын үлгіміз бар, әңгімесі бұзылып қалған әзірбайжанның, түңлігі түріліп қалған түркіменнің жағдайы біздің басымызда да бар.  Ол қателікті жібермеуге бізге  толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Сондықтан да сөз ыңғайларыңыз немене дегенде, әліппе ауыстыру астана ауыстырғаннан қиын емес, әліппе ауыстыру жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға кілт бұрылғаннан қиын деп ойламаймын. 1929 жылы біздің қазақ арабикадан латиницаға бар болғаны ек-ақ жылдың ішінде ауысқан. Содан қиын емес. Ең бастысы ниет керек».

comments powered by HyperComments