Жарадың, Қанат!

96 рет оқылды
0

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам канадалық Брендон Кукты жеңіп, бірінші орта деңгейдегі өзінің  WBA Inter-Continental және WBO-NABO бағыттары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. 

Техникалық нокаутпен, бокс 9 раундтың 16 секундында аяқталды.

Бұл жеңіс Ислам үшін кәсіби бокстағы болған 25 жекпе-жектің 25 жеңісі болды.

Бокстан жекпе-жек Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткізілді.

Қазақстандық боксшының салмағы – 69.7 келі, ал канадалық боксшы «жеңіл» — 68,45 келіде болды.

Рингке алғашқы болып орта салмақтағы боксшылар: қазақстандық Мейірім Нұрсұлтан пен  бразилиялық Исмаэль Буэно шықты. Жекпе-жек 1-раудтың 50-секундында қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Екінші кездесу Қазақстанның тумасы, Америкадан келген Димаш Ниязов пен бразилиялық Эдуардо Перейра дос Рейес арасында болып, 6 раундқа созылған жекпе-жек барасында төрешілер жеңісті Ниязовтың қанжығасына байлады.

Орта самақтағы боксшылар арасындағы жекпе-жекте қазақстандық Айдос Ербосынұлы аргентиналық Джонатан Джеронимо Барбадильо қарсы шықты. Ербосынұлы өз қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген соң, оның қарсыласы ары қарайғы күрестен бас тартып, жеңіс отандасымызға бұйырды.

Орта ауыр салмақта Әли Ахмедов пен американдық Джастин Томас, бірінші орта салмақта Нұрсұлтан Жанабаев пен бразилиялық Алексом Сандро Дуартэ өнер көрсетіп, екі жекпе-жекте де біздің жігіттер басымдылық көрсетіп, жеңіске жетті.

Руслан Мырсатаев аргентиналық Андреас Матиас Афранлиді, Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық Жильберто Перейру дос Сантосты жеңді.

Титулды күрес алдында өткен соңғы жекпе-жек көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Ол жерде бірінші орта салмақта Жанқош Тұраров пен аргентиналық Бруно Леонардо Ромэе өнер көрсетті. Аргентиналық боксшы рингке қазақтың шапанын киіп шықса да, жеңіс отандасымыз Тұраровқа бұйырды.

 

comments powered by HyperComments