Қазақстандықтардың тұтыну шығындары ресейліктерді басып озды

149 рет оқылды
0

Тұрғындардың тұтыну шығындары деңгейі бойынша Қазақстан Ресейді шаң қаптырып кетті, деп хабарлайды «Независимая газета» Ресей үкіметі жанындағы сарапта орталығына сілтеме жасап.

Ресейлік сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, экономикадағы дағдарыс салдарынан қазақстандықтардың тұтыну шығындары ресейліктердікімен салыстырғанда 16 %-ға көбейген. Оның үстіне, сарапшылар бұл үрдістің әрі қарай жалғасын табатынына сенімді.

Тұтыну деңгейі ресми айырбас бағамы мен ұлттық валютаның сатып алу қабілеті паритетін есепке ала отырып бағаланады.

Былтыр Қазақстан тұрғыны орта есеппен жеке тұтыну тауарларына 13,8 мың доллар жұмсаған, ал орташа есептік ресейлік — 11,9 мың доллар.

 

comments powered by HyperComments