Елбасы билік тармақтарының жұмысы туралы: Әрі қарай бұлай жалғасуы мүмкін емес

202 рет оқылды
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында әлі күнге дейін билік тармақтары тарапынан бастама өте әлсіз екеніне қынжылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мен сіздерге біздің мәселемізді ашық айтайын, мүмкін бұл менің кінәм шығар, билік тармақтары тарапынан бастама өте әлсіз. Өткен жолы үкіметті өзгерткен кезде бұл мәселені айттық, қазір де жағдай осы. Әрі қарай осы күйінде жалғасуы мүмкін емес», — деді президент.

Мемлекет басшысы әрбір министрдің өз саласына жауап беретінін, жауапкершілігін мойнына алатынын айтты. Үкімет елдің экономикалық саясатына, барлық бағдарламалардың іске асырылуына толықтай жауапты.

«Биліктің заң шығарушы тармағы және бақылаушы билік ретінде Парламент өз өкілеттігін жүзеге асырады. Қазір негізгі жүк атқарушы билікке артылып отыр. Үкімет көпшілік заң жобаларының негізгі әзірлеушісі болып қалады.Десе де, депутаттар тарапынан заңнамалық бастамалар саны арта түсуде. Бұл жақсы үрдіс деп ойлаймын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

comments powered by HyperComments