«100 жаңа есім» жобасына өтініш қабылдануда

95 рет оқылды
0

el.kz порталы редакциясының мүшелері «Бәйтерек» монументі жанында «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасына қатысу үшін өтініштер қабылдау акциясын ұйымдастыруда.

Олар елорда тұрғындары мен қонақтарынан еңбек жолы ерекше азаматтар туралы материалдар жинауда. Арнайы ұйымдастырылған акция барысында тиісті өтініш жобасы дайындалды. Оны толтырған адамдар автоматты түрде жобаның қатысушысы атанады. Осы уақытта 100-ге жуық адамның ерекше еңбек жолы туралы мәліметтер жиналды. Олардың үздіктері кейінірек таңдап алынып, 100esim.el.kz сайтында жарияланады.

Осы ретте айта кететін мәселе, бүгінгі таңда сайтқа 1900-ден астам өтініш түсті. Олардың 1000-ы порталда жарияланып та үлгерді. Жобаға қатысу үшін өтініш беру биылғы жылдың қыркүйегінде аяқталады.

«Бізді қуантып отырғаны өтініштер көбіне өңірлерден келіп жатыр. «Бәйтерек» монументіне келушілер еліміздің барлық аймақтарын қамтиды. Сондықтан өтініштердің ауқымы өте кең. Бұл жобаға өзінің қайдан келгендігіне және қоғамдағы әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген адамның мүше бола алатындығының тағы бір жарқын дәлелі. Ал біз өзіміздің тарапымыздан бүгінгі күнге дейін келіп түскен өтініштердің барлығының өңделіп, 100esim.el.kz. сайтына орналастырылатындығына сендіргіміз келеді. Азаматтардың еңбек жолдары туралы толық мәліметтерді білу үшін бізде олардың байланыс нөмірлері бар»,-деді акцияны ұйымдастырушылардың бірі EL.KZ порталының жауапты хатшысы Олег Рябченко.

 

 

comments powered by HyperComments