Қазақстаннан Тәжікстанға гуманитарлық көмек табысталды

82 рет оқылды
0

Қазақстаннан Тәжікстанға гуманитарлық көмек табысталды. Қазақстан ағымдағы жылы табиғи апаттан зардап шеккен Тәжікстан Республикасының халқына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін 21 вагон жүк жіберді.

Гуманитарлық жүк 27 тамыздан бастап Душанбе қаласына келе бастады. Бұл жайында Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Сейтімов гуманитарлық жүкті салтанатты түрде Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтері Агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиядуллоевқа табыс етті. Табысталған сертификатқа сәйкес Қазақстаннан Тәжікстанға гуманитарлық жүк ретінде 564 тонна жоғары сортты ұн, 500 тонна 2 сұрыпты ұн, 240 мың банкі ет консервісі, 240 мың банкі сүт консервісі жеткізілген.

comments powered by HyperComments