Freedom House Өзбекстандағы оң өзгерістерді атап өтті

76 рет оқылды
0

Freedom House Өзбекстандағы оң өзгерістерді атап өтті. АҚШ-та орналасқан Freedom House адам құқығын қорғау ұйымы халықаралық қауымдастық Өзбекстанда билікке жаңа президент Шавкат Мирзияев келгеннен кейінгі бір жылда болған «оң өзгерістерді мойындауы» тиіс және Орталық Азия еліндегі «кең ауқымды реформаларды қолдауы» шарт деп біледі.

Ұйымның 28 тамызда жариялаған мәлімдемесінде Мирзияев автократ басшы Ислам Кәрімов қайтыс болғаннан кейін 30 миллион халқы бар елді барынша ашық мемлекетке айналдыруда бірқатар қадамдар жасағаны айтылады.

Бірақ ұйым Өзбекстанда ауқымды реформалар жүргізіле бастаған сияқты көрінгенімен, ол бастамалардың кейбірі, оның ішінде Кәрімовтің мұраларын сынауға «рұқсат» берілуі белгілі бір деңгейде Мирзияевтің билігін бекітіп, оны күшейтуде пайдаланылуы мүмкін дейді.

«Мирзияев кейбір үкіметтік процедураларды ашық қылып, коррупцияны біраз азайтуға күш сала отырып, тамыр жайып кеткен элитаны әлсіретуді және активтерді өзін қолдайтын тап — сауда мен бизнеске анағұрлым бейім ширақ элитаға қарай бұруды көздеуі мүмкін» делінген Freedom House есебінде.

 

 

comments powered by HyperComments