Армения президенті: Түркіменстан сенімді әріптес

130 рет оқылды
0
RA President Serzh Sargsyan received President of Turkmenistan Gurbanguly Berdimuhamedow at the RA Presidential Palace

Армения президенті: Түркіменстан сенімді әріптес. «Түркіменстан біздің сенімді әріптесіміз. Екі елдің қарым-қатынасының белсенді дамуына мүдделіміз». Осылай деп бүгін Армения президенті Серж Саргсян Ереванға ресми сапармен барған Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуінде мәлімдеді.

Армения президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел мемлекет басшысының кездесуі президент Серж Саргсянның резиденциясында болған.

«Сіздің Арменияға келгеніңіз қуантады. Сіздің сапарыңыз екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл қарсаңында өтіп жатыр», -деп атап өтті Армения президенті.

Серж Саргсян сонымен бірге екеуінің болашақ бағдарламалары туралы сөз ететініне қуанатынын жеткізді. Өз кезегінде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Армения президентіне еліне шақырғаны үшін алғысын жеткізді.

«Биыл 9 қазанда екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толады. Осы жылдар аралығында саяси, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстар орын алды. Енді бұл сапар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенемін», — деп атап өтті Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Армения президентінің шақыртуымен Ереванға барған.

 

comments powered by HyperComments