Билл Гейтс 4,6 миллиард долларды қайырымдылыққа берді

74 рет оқылды
0

Microsoft компаниясының негізін қалаушы әрі әлемдегі ең бай адамдардың бірі Билл Гейтс 2000 жылдан бергі өзінің ең үлкен сомадағы қайырымдылық көмегін жасады. Бұл жайлы Bloomberg агенттігі хабарлады.

61 жастағы миллиардер 6 маусымда өз компаниясының 4,6 млрд доллар сомасындағы акцияларын қайырымдылыққа берді. Ақшаны қандай ұйым алғандығы хабарланбайды.

Bloomberg мәліметінше, филантроп Билл және Мелинда Гейтс қорына (Bill & Melinda Gates Foundation) анағұрлым жомарт демеушілік жасап келеді. Гейтс 16 млрд доллар көлеміндегі айтқысыз қайырымдылық қаражатын 1999 жылы бөлген болатын.

Тағы бір жылдан кейін 5,1 млрд доллар бөлді. Билл Гейтс әлемнің ең жомарт филантроптарының тізімінде көш бастап тұр.

 

 

comments powered by HyperComments