Арабия шөлінде адасқан туристерді тұрғындар құтқарып қалды

64 рет оқылды
0

БАӘ тұрғыны шөл далада адасқан екі еуропалық туристі құтқарды. Бұл жайлы эмираттық WAM ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті тұрғын кездейсоқ тауып алған кезінде жүдеп-жадап шөліркеген туристер өлудің аз-ақ алдында қалған. Құтқарушы оларға алғашқы көмек көрсетіп, үйіне алып келген. Туристерді аман алып қалған ер адам Шарджи полициясының ресми алғысын алды. Зардап шегуші туристердің қай елден келгендігі жайлы нақты мәлімет жоқ.

 

 

comments powered by HyperComments