Алматы зообағына экзотикалық жануар әкелінбек

86 рет оқылды
0

Алматы зообағына экзотикалық жануар әкелінбек. Алматы зообағы 80 жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтарын қуантып келеді. Келушілер Азия, Африка, Америка құрлықтарының бір бөлшегімен танысып келеді.

Бүгінде зообақта жануарлардың 310 түрі бар. Барлығы 2781 жануар өмір сүріп келеді. Зообақтың мақтанышы Лао мен Ару пілдері.  Олар Алматыға 2000 жылы Лаостан әкелінді. Ұрғашы піл 2 жасында, еркегі 4 жасында келді. Бүгінде олар 16 жыл бойы жұбын жазбай келеді. Жанболат есімді бегемот Израильден 8 жыл бұрын келген еді. Бүгін  оның жасы 10-да. Жақында Сент-Пьерден Лотти есімді ұрғашы бегемот келеді. Бір бегемоттың салмағы 1 тонна екенін ескерсе, оларды Қазақстанға жеткізу 1 күннің жұмысы емес. Мартин есімді тапир де өзінің жұбын күтіп жүр. Оған жақында демеушілер жаңа вольер салып берген болатын. Жануарлардың қатары бұлармена ғана көбейіп жатқан жоқ. Зообақ директоры Ержан Еркінбаевтың айтуынша, мамандар биылдың өзінде 60 төл дүниеге келеді деп болжап отыр. «Биыл бізде 2 екі теңбіл бұғы лағы, 4 еуропа ланы лағы, 1 көк қой қозысы, 4 камерун лағы, 1 құралай, 2 мондын, 1 үнді жайрасы,  2 орикс бұзауы, 2 қонжық, 2 бота өсіп келеді», — деді баспасөз қызметінен.

 

comments powered by HyperComments