Зидан «Реалмен» жылына 8 млн € еңбекақысымен жаңа келісімшарт жасасты

87 рет оқылды
0

Зидан «Реалмен» жылына 8 млн € еңбекақысымен жаңа келісімшарт жасасты. «Реалдың» бас жаттықтырушысы Зинедин Зидан мадридтік клубпен жаңа келісімшарт жасасты.

AS мәліметінше, маман жылына 8 млн € алады. Тараптар келісімшарт мерзімін тағы үш маусымға — 2020 жылдың жазына дейін ұзартуға келісті. Қазіргі келісімшарт негізінде Зидан жылына 35 млн € табыс табатындықтан жаттықтырушының еңбекақысы екі есеге артты. Бұған қоса ол нәтижелі көрсеткіштері үшін екі есе сыйлықақы алатын болады. Зидан мадридтік клубқа 2016 жылдың қаңтарынан бастап басшылық етіп келеді. Содан бері команда Чемпиондар лигасында екі рет (2016 және 2017), Испания чемпионаты (2016/17), УЕФА-ның екі суперкубогы (2016,2017) және клубтар арасындағы әлем чемпионатында (2016) жеңіске жетті.

comments powered by HyperComments