Испания босқындарды сыйдыра алмай отыр

83 рет оқылды
0

Биыл Испанияға 12 мыңға жуық мигрант келген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе көп. Өйткені босқындар Кәрі Құрлыққа Испания арқылы жетуді ең қауіпсіз бағдардың бірі санайды.

Елге ағылғандардың дені – Батыс Африка мемлекеттерінің тұрғындары. Ал жергілікті билік олардың бәрін бірдей орналастыруға орын жетпей жатқанын мәлімдеді. Жалпы биылғы жылдың алғашқы 6 айында Еуропаға 117 мыңға жуық мигрант келген. Солардың 83%-ы Италияға табан тіреді. Тағы біразы Грекияға, одан кейін Испанияға ағылған. Алайда сарапшылардың айтуынша, егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, Испания қабылдаған босқындар саны бойынша Эллада елінен басып озатын түрі бар.

comments powered by HyperComments